Рубен АМОРИМ: «Мен үшін ең маңызды - команда»
Рубен Аморим Манчестер Юнайтед бапкері ретінде алғашқы сұхбатын клуб тілшісі Гарри Робинсонға берді, онда ол неге Юнайтедті басқаруға шешім қабылдағанын және жанкүйерлер оның командасынан не күтетінін түсіндірді.
"Мен үшін ең маңыздысы - команда. Егер команда болып жұмыс жасасақ, онда ойыншылардың жеке дарыны жарқырайды. Бірақ, мен барлық нәрсенің маңыздылығын түсіндіруім керек болса, онда ол - мінез, күресу тәсілі, ойнау тәсілі және ойынымыздың басқалардан айырмашылығы болуы керек.
Мінез маңызды. Біздің ойыншылар жейде киген кезде бұл “Манчестер Юнайтед” екені белгілі болуы керек.
Барлығы бір нәрсені ойлайды – жүгіру, ойнау, ләззат алу. Бұл мені жетелейді. Мені жеңіске жету жетелейді. Барлығы жеңіске жетуді қалайды, мен өз ойыншыларыммен және жанкүйерлеріммен бірге жеңіске жеткім келеді, бірақ мен әрқашан ерекшелігіміз бен идеямыз бар екеніне көз жеткізуге тырысамын», - деді португалдық маман.
«Манчестер Юнайтед» Аморимді тағайындағанын 1 қарашада жариялағанымен, португалдық маман алғашқы жаттығуын ертең, 18 қарашада ғана өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, маман клубты 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарып келген Эрик тен Хагтың орнына келді.