Роналдудың «Әл-Насрына» мүмкіндік. «Әл-Хилял» Сауд Про-лигасындағы матчта ұпай жоғалтты


Сәуірдің 11-іне қараған түні Сауд Арабиясы чемпионатының 27-ші турының ойыны өтіп, онда «Әл-Иттифак» өз алаңында «Әл-Хилялды» қабылдады.
Матчтағы есеп бірінші таймның соңында ашылды. Қосалқы уақыттың алтыншы минутында Жоао Коста гол соғып, командасын таймда алға шығарды. Екінші таймда «Әл-Хилял» допқа иелік етіп, ойынды қайтару үшін қарсылас қақпасына шабуылын жалғастырды. Осындай қызу ойынның нәтижесі 57-минутта Малкомның голы болды.
Осылайша, алаң иелері чемпионат көшбасшыларының бірімен 1:1 есебімен тең ойнап, сенсация жасады. «Әл-Хилял» ұпай жоғалтып, 58 ұпаймен кестеде екінші болып қалды. Бірақ «Әл-Наср» «Әл-Риядты» жеңсе, айырмашылықты бір ұпайға дейін қысқарта алады. Соңғы чемпионат матчында көшбасшылар бетпе-бет кездесу өткізіп, нәтижесінде «Ән-Наср» жеңіске жетті (3:1).
Сауд Про-лигасы. 27-тур. 11 сәуір
«Әл-Иттифак» - «Әл-Хилял» - 1:1
Голдар: Коста, 45+6 - Малком, 57.


Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26