locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналдудың кезекті мерейтойы: мансабындағы 900-голы

Роналдудың кезекті мерейтойы: мансабындағы 900-голы

Криштиану Роналду футбол тарихында 900 гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Қазіргі таңда футболшы 39 жаста.

Мерейтойлық гол Хорватия құрамасының қақпасына соғылды. Ұлттар лигасы матчы аясында Криштиану негізгі құрамда алаңға шықты. Португалия құрамасы 1:0 есебімен алда тұрған сәтте, 34-минутта Роналду есепті еселеп, өз рекордын орнатты.

Бұл гол Криштианудың Португалия ұлттық құрамасы сапында соққан 131-ші голы болды.

Жалпы алғанда, шабуылшы ең көп голды "Реал Мадрид" сапында соқты. "Корольдік клуб" сапында Роналду 450 рет қарсыластардың қақпасын дәл көздеген.

"Манчестер Юнайтед" сапында 145, "Ювентус" сапында 101, "Спортинг" сапында 5 және "Әл-Наср" сапында 68 гол соқты.

Ескере кететін жайт, португалдықтың мәңгілік қарсыласы Лионель Месси голдар саны бойынша Криштиануға әлі жақындаған жоқ.