locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналдудың голы Стефано Пиолиге дебюттік ойында жеңіске жетуге көмектесті

ФОТО:  ӘЛ-НАСР ФК

20 қыркүйекте Сауд Арабиясы чемпионатының 4-туры аясында “Әл-Иттифак” пен “Әл-Наср” арасындағы матч өтті. Эр-Риядтық команда жаңа бапкер қол астында сенімді жеңіске жетіп, ойынды 3:0 есебімен аяқтады.

33-минутта Криштиану Роналду пенальтиден гол соғып, есеп ашты. Ойынның 30-шы минутында Салем Әл-Наджди есепті еселеп, командасының басымдылығын арттырды. 71-минутта Андерсон Талиска соңғы голды соғып, матчтың тағдырын шешті. Екі голға Садио Мане нәтижелі пас бергенін айта кету керек.

Сауд Арабия чемпионаты 4-тур, 20 қыркүйек
Әл-Иттифак - Әл-Наср - 0:3
Голдар: Роналду, 33 (пен.), Аль-Наид, 56, Талиска, 71

Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде “Әл-Наср” 8 ұпаймен төртінші орында, ал осы маусымда алғашқы жеңілісіне ұшыраған “Әл-Иттифак” (9 ұпай) үшінші орынға жайғасты. Бірінші орында Кәрім Бензема бастаған “Әл-Иттихад” (9 ұпай) тұр.