locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду тағы да Гиннес рекордтар кітабына енді

Фото: X (twitter)

Аль-Наср шабуылшысы Криштиану Роналду тағы Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлады Vesti.kz. Португалиялық YouTube каналының арқасында тағы бір жетістікке қол жеткізді.

Роналду тіркелушілер саны бойынша рекорд орнатты. 24 сағат ішінде каналға 19 729 827 адам жазылған. Бұл көрсеткіш Гиннес рекордтар кітабына енді.

Оған қоса, Криштиану бар болғаны 90 минут ішінде алғашқы миллион тіркелуші жиналған, бұл портал тарихындағы үздік көрсеткіш. Қазір португалиялықтың каналына 50 млн адам тіркелген.

Еске сала кетейік, Роналду Гиннес рекордтар кітабына 41 рет енген. Бұл осы көрсеткіш бойынша Лионель Мессимен теңесті.