locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду мен Әл-Наср жаңа келісімшартты талқылауда: шабуылшы ӘЧ-2026 турниріне барғысы келеді

Роналду мен Әл-Наср жаңа келісімшартты талқылауда: шабуылшы ӘЧ-2026 турниріне барғысы келеді

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" келісімшарт мерзімін 2026 жылдың жазына дейін ұзарту жайлы келіссөздерді бастады.

Шабуылшыға ойын тәжірибесі қажет, себебі ол 2026 жылғы Әлем чемпионатында ойнауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды инсайдер Николо Скира өз әлеуметтік желілерінде. Егер 39 жастағы португалиялық осы турнирге қатысатын болса, ол алты түрлі Әлем чемпионатында ойнаған алғашқы футболшы ретінде тарихи рекорд орнатады.

Роналду "Әл-Наср" клубында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның есебінде саудиялық клуб үшін өткізген 71 матч, 64 гол және 17 нәтижелі пас бар. Қолданыстағы келісімшарт 2025 жылдың жазына дейін жасалған.