locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Роналду мансабын аяқтамайды: шабуылшы тағы екі маусым ойнауды жоспарлап отыр

Футбол 19 мам 2025 01:05
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Роналду мансабын аяқтамайды: шабуылшы тағы екі маусым ойнауды жоспарлап отыр
ФОТО: Getty Images

Белгілі инсайдер Николо Скираның хабарлауынша, «Әл-Наср» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабын аяқтауға ниетті емес.

40 жастағы футболшының Сауд Арабиясындағы клубпен келісімшарты осы жазда аяқталады. Соған қарамастан, Роналду кем дегенде тағы екі маусым доп теппек ниетте.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, ойыншыға бірнеше клубтан ұсыныстар түскен. Ол алдағы күндері өзінің болашағына қатысты шешім қабылдайды.

Ағымдағы маусымда Роналду «Әл-Наср» сапында 39 матч өткізіп, 33 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар, бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, клуб басшылығы да Роналдумен келісімді ұзарту мәселесінде нақты шешім қабылдамаған. Бұған команданың жұлдызды шабуылшы келгеннен бері елеулі жетістіктерге жете алмағаны себеп болып отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie