Роналду қысым астында: «Әл-Наср» португалиялық жұлдызбен келісімді ұзартпауы мүмкін


Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясы чемпионатындағы болашағы күмән тудырып отыр. «Әл-Наср» сапында екі маусым өткізгеніне қарамастан, 40 жастағы шабуылшы клубпен бірге әлі бірде-бір ұлттық трофей жеңіп ала алған жоқ.
Бұған дейін Роналду «Әл-Насрда» қалғысы келетінін айтып, мансабын чемпиондықпен аяқтауға үміт білдірген еді. Себебі ол бүкіл мансабында ешбір клубтан титулсыз кеткен емес. Алайда клуб басшылығының шыдамы таусылып келе жатқан сыңайлы. Трофейлердің жоқтығы бір бөлек, соңғы уақытта ойыншының мінез-құлқы да жетекшілердің көңілінен шықпай жүр. Жақында «Әл-Иттихадқа» қарсы матчтағы жеңілістен кейін Криштиану алаңнан үндемей кетіп, киім ауыстырмай-ақ клубтан шығып кеткен. Бір апта бұрын ол командасының Азия чемпиондар лигасынан ұшып қалуына да қатты ренжіген.
Қазіргі таңда клуб ішінде маңызды сұрақ талқылануда: аңыз ойыншымен келісімді ұзарту керек пе, әлде қоштасатын уақыт келді ме? Араб басылымдарының мәліметінше, басшылық ішіндегі көптеген тұлғалар екінші нұсқаны құп көруде.
Осы белгісіздік фонында Криштиану Роналдудың мансабын бастаған клубы - лиссабондық «Спортингке» қайта оралуы мүмкін деген сыбыстар қайтадан жанданды.

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26