Роналду Чемпиондар лигасынсыз қалды. «Әл-Наср» «Әл-Таъавунды» жеңе алмай, үлкен турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылды


Сауд Арабиясы Про-лигасының 32-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Таъавунды» қабылдап, жеңіске жете алмады. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Алаң иелері есепті 51-минутта ашты - Отавио дәл соққымен көзге түсті. Алайда араға 20 минут салып, қонақтар сапынан Ромарио Мартинес таразы басын теңестірді.
Сауд Про-лигасы. 32-тур
«Әл-Наср» — «Әл-Таъавун» — 1:1
Голдар: Отавио, 51 — Р. Мартинес, 70
Осы нәтиже «Әл-Насрға» қымбатқа түсті - команда 64 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға түсіп, АФК Чемпиондар лигасына жолдама алуға мүмкіндік беретін жарыстан ресми түрде шеттетілді. Ал «Әл-Таъавун» 42 ұпаймен сегізінші орында тұр.
Криштиану Роналду бұл ойында да алаңға шықпады. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, португалиялық жұлдыз бұлшық ет жарақатынан толық айықпаған. Осы себеппен ол бұған дейінгі 9:0 есебімен аяқталған тарихи матчқа да қатыспаған еді.

