Роналдо «Вальядолидпен» қоштасты: бразилиялық аңыз клубтағы бақылау пакетін сатты


Мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо Луис Назарио де Лима енді Испанияның «Реал Вальядолид» клубындағы бақылау үлесінің иесі емес.
Бұл туралы команда баспасөз қызметі хабарлады.
Роналдо 2018 жылы «Вальядолид» клубын сатып алған болатын. Алайда алты жылдан кейін ол клубтың бақылау пакетін басқа меншік иесіне тапсыру жөнінде шешім қабылдады. Ресми мәлімдемеге сәйкес, ол акциялардың басым бөлігін Солтүстік Американың инвестициялық тобына, Еуропалық қордың қаржылай қолдауымен сатқан.
«Бұл - жаңа кезеңнің бастауы. Жақын күндері жаңа иелер жүзеге асыратын жоба туралы толық мәлімет жарияланады», – делінген клубтың ресми сайтында.
Қазіргі уақытта «Вальядолид» ауыр кезеңді бастан өткеруде. Испания чемпионатының 37 турында команда небәрі 16 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы орнында тұр. Осылайша клуб Ла Лигада қалу мүмкіндігінен айырылды.

Футбол
Бүгін 06:06
