locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Рональд Куман Де Йонгтың алаңға ерте оралуына алаңдаулы

ФОТО:  Getty images
Рональд Куман Де Йонгтың алаңға ерте оралуына алаңдаулы

“Барселона” жартылай қорғаушысы Френки де Йонг сәуір айының соңында алған тобық жарақатынан кейін каталондық команда құрамына қайта оралды. Алайда, бұл жағдай Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куманның алаңдаушылығын тудырып отыр.

“Өткен аптада онымен сөйлестім, және шынымды айтсам, ол әлі де өзінің ең жақсы формасынан алыс. Ол сәл ойнап көрді, бірақ бұл оны қорқытып жіберді. Оған қиын болды. Френкиге өз ритмін тауып, жүз пайыздық формаға келу қажет, бірақ менің ойымша, ол әлі дайын емес”, — деп келтіреді Куманның сөзін Diario Sport.

Айта кетейік, бұған дейін де Йонг отадан бас тартып, жарақатын консервативті әдістермен емдеуді таңдаған еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie