locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Рома сенсациялық сәтсіздікке ұшырады. Наполи өз алаңында Болоньяны тас талқан етті

Рома сенсациялық сәтсіздікке ұшырады. Наполи өз алаңында Болоньяны тас талқан етті
Рома сенсациялық сәтсіздікке ұшырады. Наполи өз алаңында Болоньяны тас талқан етті

25 тамыз күні 23:45-те А Сериясындағы ойын күнінің соңғы 2 матчы өтті. “Рома” өз алаңында “Эмполиді” қабылдаса, "Болонья" "Наполиге" қонаққа барды.

"Рома" сәтсіздік сериясын жалғастыруда. Римдіктер сенсациялық түрде “Эмполиден” 1:2 есебімен жеңілді. Бірінші таймда қонақтар таң қалдырды. 45 минутта Эммануэль Гьяси ойын есебін ашты. Үзілістен кейін де қонақтар жақсы ойын көрсетті. 11 метрлік айып добын Лоренцо Коломбо сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Қасқырлар толассыз шабуыл жасап, бір гол соқты. Гол авторы Эльдор Шомуродов, бірақ бұл гол ойынды сақтап қала алмады.

Екінші ойында "Наполи" Болоньяны аямай, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші болып қорғаушы Джованни Ди Лоренцо көзге түсті. Бір гол басымдылығы қонақтарды шабуылдауға мәжбүрледі. Соның арқасында қарымта шабуылдан алаң иелері тағы бір гол соқты. Екі қорғаушыдан оңай өткен Хвича Кварацхелия ойындағы екінші голды соқты. Ойын бітер сәтте Джованни Симеоне есепті 3:0-ге жеткізді. Ойын Наполи пайдасына аяқталды.

Серия А. 2-тур, 25 тамыз

"Рома" – “Эмполи” – 1:2

Голдар: Шомуродов, 80 – Гаяси, 45, Коломбо, 61

"Наполи" – "Болонья" – 3:0

Голдар: Ди Лоренцо, 45+2, Кварацхелия, 75, Симионе, 90+4

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie