locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Родри маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін

ФОТО:  Getty images
Родри маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Родри ауыр жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды ESPN басылымы.

Испандық футболшы АПЛ-дың бесінші турында "Арсеналға" қарсы ойында жарақат алды, матч 2:2 есебімен аяқталды. 28 жастағы ойыншы бірінші таймда-ақ тізесінен жарақат алып, ойыннан алмастырылды.

Алғашқы медициналық тексерулер оң тізенің алдыңғы крест тәрізді байламының жыртылғанын көрсетті, бұл жарақат әдетте ұзақ қалпына келтіруді талап етеді. Дәл диагнозды анықтау үшін Родри қосымша тексеруден өтеді, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша ойыншыға ота қажет болады. Егер, диагноз расталса, Родри Барселона қаласында ота жасайды.

Клуб ойыншының жағдайына қатысты ресми мәлімдеме әлі жасамаған, бірақ негізгі жартылай қорғаушының ұзақ уақыт болмауы "Манчестер Сити" үшін үлкен соққы болуы мүмкін.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie