Родри: "Испания — менің елім, ал Мадрид — менің туған қалам"
«Манчестер Сити» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри өзінің «Реалға» ауысуы мүмкіндігі жайлы сыбыстарға үн қатты:
«Қазір мен Англияда бақыттымын және барлығына разымын. Мен әлемдегі ең жақсы клубтардың бірінде ойнаймын. Келісімшартымда тағы үш жыл бар, бірақ уақыты келгенде болашақты ойлайтын боламын. Испания - менің елім, ал Мадрид- менің туған қалам».
Сонымен қоса, ойыншы «Алтын допқа» үміткерлігі туралы да пікір білдірді.
«Шынымды айтсам, менің «Алтын допқа» үміткерлер қатарында болуым және көшедегі адамдардың маған: «Сен әлемдегі ең үздік ойыншысың» деп айту керемет сезім қалдырады. Олар маған мұны айтқанда мен өзімді жеңімпаз сезінемін », - деді Родри.
Еске сала кетейік, ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 110 миллион еуроны құрайды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52