locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Ривалдо Ламин Ямальдің болашағынан үлкен үміт күтетінін жасырмады

ФОТО:  Getty images

“Барселонаның” бұрынғы жартылай қорғаушысы Ривалдо Ламин Ямальды ерекше ойыншы деп атады.

“Ол керемет ойыншы. Мен оның жасына қарамастан, жеке тұлға ретінде қалыптасып үлгергеніне таңғаламын. Оның деңгейі қазірдің өзінде өте, өте жоғары. Менің ойымша, ол қазірдің өзінде Мбаппе мен Винисиус деңгейлес. Оның мінезіне қарағанда, әлі де көрсететін шеберлігі көп деп ойлаймын. Оған қоса, Еуропа чемпионатындағы жеңісі оны болашақта ерекше ойыншы етеді. Мен бұған сенімдімін”, – деді Ривалдо Marca басылымына берген сұхбатында.

2024/25 маусымда Ламин барлық турнирде 10 матч өткізіп, бес гол соғып, бес нәтижелі пас авторы атанды. Ойыншының клубпен келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды. 17 жастағы шабуылшы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Ла Лигадағы үздік ойыншы деп танылды.