locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Рим дербиі тең аяқталды. «Рома» А сериясында жеңіліссіз 16 ойын өткізді

Футбол 13 сәу 2025 16:54
Бағдат Асылбек
Бағдат Асылбек
Репортер
Рим дербиі тең аяқталды. «Рома» А сериясында жеңіліссіз 16 ойын өткізді
ФОТО: Roma ресми сайтынан

А сериясының 32-ші турында Рим дербиі «Лацио» мен «Рома» арасында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бірінші тайм бірде-бір гол соғылмай, тең есеппен аяқталды. Екінші таймның басында Лука Пеллигринидің пасынан кейін Алессио Романоли басымен допты алыс бұрышқа бағыттады. Джаллоросси Саелемакерстің пасынан кейін Суленің дәл голымен жауап берді. Оның соққысынан кейін доп қақпа маңдайшасына тиді, бірақ қақпа сызығынан асып кетті.

Осы тең ойын арқылы «Рома» Италия чемпионатындағы жеңіліссіз сериясын 16 матчқа жеткізді. Соңғы рет Клаудио Раньери шәкірттері А сериясында желтоқсан айында Комоға қарсы ойында жеңілген болатын.

Қалған уақытта мүмкіндіктер болғанымен, екі команда да жеңісті жұлып ала алмады.

А сериясы. 13 сәуір

Лацио - Рома 1:1 (0:0)

Голдар: Романоли, 47 – Суле, 69.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie