locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина танымал автомобиль компаниясының амбассадоры атанды

Рыбакина танымал автомобиль компаниясының амбассадоры атанды

Елена Рыбакина Қазақстандағы Lexus автомобиль компаниясымен серіктестігі жайлы ресми түрде хабарлады. Келісім аясында спортшы еліміздегі балалар теннисін дамытуға үлес қосады.

Серіктестіктің басты мақсаты – жас таланттарды қолдау және жаттығу жағдайларын жақсарту. Сонымен қатар, бағдарламаға Қазақстанның Теннис федерациясы да қатысады.

Осы орайда, Рыбакина жаңа демеушілік келісім жайлы өз пікірін білдірді:

"Мен Lexus Kazakhstan компаниясының амбассадоры болғаныма өте қуаныштымын. Ең бастысы, балаларға , жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мен өзім осындай қолдаудың теннисте дамуда қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін", - деді Рыбакина.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Елена денсаулығына байланысты Америка Ашық чемпионатының екінші айналымында ойнаудан бас тартуға мәжбүр болды.

Сонымен қатар, теннисші US Open турнирі алдында өз бапкерімен қоштасты. Турнирдегі жолын Елена жаңа бапкермен бастады.