РЕСМИ. Спортинг бір айдан соң бапкерін жұмыстан босатты
Футбол
Кеше 22:42
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: gettyimages.com
"Спортинг" клубы 40 жастағы бас бапкер Жоау Перейрамен қызметінен кетуге келісті. Ол бұл қызметке , бір айдан астам уақыт қана бұрын тағайындалған болатын.
"Мәңгілікке арыстан. Рақмет, Жоау Перейра", — деп жазды клубтың ресми парақшасы instagram желісінде.
Перейра қараша айында Рубен Аморим "Манчестер Юнайтедке" кеткеннен кейін "Спортингтің" бас бапкері болған. Қазір команда Португалия чемпионатында 37 ұпаймен екінші орында тұр, ал көш басында 38 ұпаймен "Бенфика" келеді.
Келесі турда "Спортинг" пен "Бенфика" кездеседі. Ойын 29-30 желтоқсанға қараған түні Астана уақытымен 01:30-да басталады.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 09:23
Бокс
Бүгін 06:39