РЕСМИ: Семейлік команда тағы бір жас ойыншыны қатарына қосты
Футбол
05 жел 2024 09:37
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
"Елімай" футбол клубы кезекті Қарағанды футболының түлегі 23 жастағы жартылай қорғаушы Алмас Төлебаймен келісімшартқа отырды.
Футболдағы мансабын 2019 жылы Екінші лигада "Шахтер М" командасында бастады. Биылғы жылы ел біріншілігінде жасыл алаңда 20 ойын өткізіп үлгерді.
"Елімай футбол клубы кезекті отандық ойыншымен қатарын толықтырғанын қуанышпен хабарлайды" - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Танымал жаңалықтар