locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Ордабасы клубы жаңа бас бапкер тағайындады

Ресми: Ордабасы клубы жаңа бас бапкер тағайындады

Шымкенттік “Ордабасы” жаңа бас бапкер ретінде Кирилл Кекерді таныстырды, бұл жөнінде клубтың баспасөз мәслихаты хабарлады.

45 жастағы Кекер шымкенттік ұжыммен осы маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды және жақын арадағы жаттығуда командамен таныстырылады.

Соңғы екі жылда Кирилл Кекер алматылық “Қайратты” баптады. 76 матч өткізгенімен бірде-бір жүлде жеңе алмады.