locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Манчестер Сити қорғаушысы Сауд Арабия чемпионатына ауысты

Ресми: Манчестер Сити қорғаушысы Сауд Арабия чемпионатына ауысты

Ағылшындық Манчестер Сити қорғаушысы Жоау Канселу Саудиялық Аль-Хиляль клубына ауысты, деп хабарлады саудиялық клубтың баспасөз қызметі.

30 жастағы қорғаушы Аль-Хилялмен үш жылға дейін, яғни 2027 жылға дейін келісімшартқа отырды. Трансфер үшін Манчестер Сити 25 млн еуро алды. Арабиялық клубта Канселу 27 номермен өнер көрсететін болады.

Өткен маусымда Жоау Канселу Барселона сапында жалда ойнап, 42 матчқа қатысты. 4 гол соғып, 5 голдық пас берген.

Бұған дейін Саудиялық Аль-Хиляль қорғаушысы Сауд Абдулхамид италиялық Ромаға ауысқан болатын.