locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Мамардашвили Ливерпуль ойыншысы

Ресми: Мамардашвили Ливерпуль ойыншысы

"Ливерпуль" Георгий Мамардашвили трансфері бойынша "Валенсиямен" ресми келісімге келді. Ойыншы жанкүйерлер алдында келесі маусымда ресми таныстырылады.

Қақпашының трансфері жайлы "Ливерпульдің" ресми сайтында жарияланды. Грузин жаңа клубына 2025/26 маусымда қосылады. Осы футбол маусымын ол "Валенсия" сапында жалғастырады.

Георгий "Валенсия" сапына 2022 жылы қосылды. Жалпы алғанда "жарақатанаттылар" сапында 102 ойын өткізді. Мамардашвили Грузия құрамасының ең үздік қақпашысы саналады. Өткен Еурода ол ұлттық құрама сапында төрт ойын өткізді.

Георгий "Валенсиямен" Ла Лигадағы жорығын бастады, екі ойында екі жеңіліс тапқан клуб чемпионатта соңғы орында тұр. Ал, "Ливерпуль" болса маусымның алғашқы екі ойынында да жеңіске жетті.