locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Мактоминей – "Наполи" ойыншысы

Ресми: Мактоминей – "Наполи" ойыншысы

Италияндық “Наполи” клубы Скотт Мактоминеймен келісімшартқа қол қойғаны жайлы ресми түрде жариялады. Ойыншының “Наполи” алдында “Манчестер Юнайтед” сапында өнер көрсетті.

Неаполитандықтар футболшы үшін 30 миллион еуро төледі. Келісімшарт мерзімі 2028 жылға дейін жарамды.

Скотт "қызыл сойқандардың" тәрбиеленушісі болып табылады. Англиялық клубтың жейдесінде ол 255 матч өткізіп, 29 гол соқты және 8 нәтижелі пас авторы атанды. Клубпен бірге Англия кубогы мен Лига кубогын жеңіп алды.

Мактоминейдің дебюттік матчы жақын арада өтуі мүмкін. 31 тамыз күні “Наполи” өз алаңында “Пармамен” кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.