Ресми: Қарағандылық Шахтер бас бапкер Андрей Финонченконың қызметінен кеткенін жариялады
Қарағандылық “Шахтердің”баспасөз қызметі команданың бас бапкері Андрей Финонченконың қызметінен кеткені туралы ресми мәлімдеме жасады.
“Андрей Юрьевич Финонченко өзінің қалауымен “Шахтер” ФК негізгі командасының бас бапкері қызметінен босату жайлы өтініш берді. Негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып Константин Владиленович Емельянов тағайындалды”,- деп хабарлады қарағандылық клуб.
Айта кетейік, Финонченко бас бапкер қызметінде 18 матч өткізді: 2 жеңіс, 3 тең ойын, 12 жеңіліс. Қазіргі таңда ҚПЛ-де “Шахтердің” еншісінде 9 ұпай бар турнирлік кестесінде соңғы 13-орнын иеленіп отыр.
Емельянов қарағандылықтар үшін осы маусымдағы үшінші бапкер болады. “Шахтермен” маусымды Игорь Солошенко бастаған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52