РЕСМИ: Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетті
Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті. Ол осы жылы 17 мамырда футбол ұйымының басшылығына сайланған еді. Оның қызметтен кетуіне өзге жұмысқа ауысуы әсер етті, деп мәлімдеді QFL баспасөз қызметі.
Қайназаров өз кезегінде Qazaqstan Football League-сына алғысын білдірді.
"Qazaqstan Football League-сында осы жылы отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформалар жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобалардың іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын", - деді Ғани Қайназаров.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін, Кайназаров "Тараз" клубын басқарды, "Астана" клубында спорт директоры болды және Қазақстан футбол федерациясының ұлттық командалар департаментінің директоры қызметін атқарды.
ДЕРЕККӨЗ. Черчесовтің отставкасы ҚФФ басшысының Тоқаевпен кездесуінен кейін нақты шешіледі.
Баскетбол
Бүгін 09:30