“Өрескел қателік жіберді”: сарапшы Атырау - Жеңіс матчының төрешілігіне баға берді
Ұлттық санаттағы төреші Әліби Мерғазы 21-турдағы Атырау мен Жеңіс арасындағы ҚПЛ матчындағы төрешінің негізгі шешімдерін талдап шықты.
“Бұл матчта тәжірибелі төреші Бағдат Абдуллаев жұмыс істеді. 38-минутта төрешінің көмекшісі өрескел қателік жіберіп, “Жеңістің”голын есепке алды, алайда доп толықтай қақпа сызығын кесіп өткен жоқ. 90-минутта бас төреші дұрыс шешім қабылдап, қонақтардың қақпасына пенальти белгіледі: “Жеңі ойыншысы допқа таласу барысында Тоировты артынан қағып, ереже бұзды. Қонақтардың голына қатысты сұрақтар бар, бірақ жалпы шешімдер әділ болды,– деді Мерғазы арнайы Meta-ratings.kz спорт порталына берген талдауында.
“Атырау” “Жеңісті” 2:1 есебімен жеңді. 38-минутта төреші Атырау ойыншысы Ерсұлтан Қалдыбековтың автоголын есепке алды. “Мұнайшылар” 64-минутта Хусрав Тоировтың голының арқасында есепті теңестірді. Екінші таймның қосымша уақытының алғашқы минутында Әділбек Жұмаханов пенальтиді сәтті орындап, “Атырауға” жеңіс сыйлады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52