Ресейлік БАҚ: «Зенитке» Нұралы Әліппен қоштасқан жөн


Ресейдің «Спорт день за днем» порталы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті «Зенит» клубынан кетуі тиіс ойыншылар қатарына қосты. Басылым мәліметінше, көктемгі маусымда Әліп негізгі құрамдағы орнын жоғалтып, көбіне Ресей кубогы ойындарында ғана алаңға шыққан.
Күзде тұрақты түрде ойнағанына қарамастан, көктемде бас бапкер Вани Дркушичке жиі сенім арта бастады. Әліптің басты артықшылығы – легионер болып саналмайтыны, бірақ «Зенитте» шетелдік лимитпен мәселе жоқ, өйткені Дуглас Сантос Ресей азаматтығын алған.
Нұралының клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Егер ойыншы өз жағдайына көңілі толмаса, жалға беру нұсқасын қарастыруы мүмкін. Бірақ порталдың айтуынша, әр клуб Әліптің қаржылық талаптарына сай келе бермейді.
«Зенит» ойыншыларының бір тобы Сергей Семакқа қарсы шықты.


Футбол
Бүгін 13:52