locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ресейде тұратын Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Попов құраманың алдағы ойыны жайлы айтты

ФОТО:  КФФ
Ресейде тұратын Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Попов құраманың алдағы ойыны жайлы айтты

Ресейде тұратын Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов Аустриямен өтетін Ұлттар Лигасы матчы алдында пікір білдірді.

Бұған дейін «Амкар», «Рубин» және Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Попов 2010 жылы Аустрия құрамасымен кездесуі туралы естеліктерімен бөлісті.

2010 жылы мен Қазақстан құрамасы сапында Аустрияға қарсы матчта ойнадым, енді ол біздің Ұлттар Лигасындағы келесі қарсыласымызға айналады. Бұл матч есімде, өйткені біз матчтың соңында гол жіберіп алып, 0:2 есебімен жеңіліп қалдық. Ойын тең болды, мүмкіндіктеріміз болды, бірақ менің қателіктерім жеңіліске әкеп соқтырды. Бірінші таймда гол соққанымызда, бәлкім, кездесу біздің пайдамызға немесе тым болмаса тең аяқталар ма еді. Бельгиямен ойында да осындай жағдай болды - біз Аустриямен ойынға қарағанда жақсы мүмкіндіктерге ие болғанымен, гол жіберіп алдық», - деп атап өтті Попов.

Қазақстан құрамасының Аустрия, Норвегия және Словения командаларымен бәсекеге түсетін УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымындағы мүмкіндігі қандай?

Алексей Попов команданың мүмкіндіктеріне жақсы баға береді. Оның ойынша, барлық қарсыластар орта деңгейлі командалар және олардың әрқайсысымен күресуге болады.

Аустриялықтар құбылмалы болуы мүмкін: олар маусымды сәтті өткізуі немесе сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Попов қазақстандық құрамаға тек жеңіс тіледі.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 4 қазанда Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-ға дейін жалғасады. 10 қазанда Станислав Черчесов шәкірттері Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында Аустриямен сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie