Ресей посткеңестік елдердің чемпионатын өткізгісі келеді. Қазақстан бұл туралы не ойлайды?


Әлемдік футболдан шеттетілген Ресей посткеңестік елдердің басын қосып, жаңа лига құруға ниетті.
Мұны елдегі спорт фукционерлері бірнеше рет айтқан. Алайда, қазақстандық "Қайраттың" басшылығы бұл идеяның абсурд екенін жасырмады.
"РБ Спорт" басылымына сұхбат берген "Қайраттың" директоры Асқар Есімов Ресей үшін Еуропа футболынан бас тартпайтынын айтты.
"Біріккен лига дегенді түсінбеймін. Біз өз ұлттық лигамызда ойнап жүрміз. Сол арқылы еурокубокқа жолдама алып жүрміз. Ал мұндай біріккен лига дегенді мүлдем қарастырмадық. Бұл мүмкін емес", - дейді Асқар Есімов.
Біріккен лига құру идеясы "Қайраттың" экс-ойыншысы, Ресей футболының аңызы Андрей Аршавиннің тарапынан шыққан екен. Ол 2022 жылдың қарашасында Лимож университетін тәмамдап, дипломын қорғаған. Ал, дипломдық жұмыстың тақырыбы – Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь елдерінің командаларын біріктіріп, чемпионат өткізу.

Футбол
Бүгін 17:53

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46