Регламент мүмкіндік береді: Иржи Ярошек Шахтер жаттықтырушысы ретінде ресми жұмыс жасай алады ма?
Чехиялық бұрынғы футболшы Иржи Ярошек ресми түрде Қарағандының “Шахтер” клубының бас бапкері болып тағайындалды.
Келесі маусымда Қазақстанның ең көне клубтарының бірі елдегі екінші деңгейлі дивизион — Бірінші лигада ойнайтын болады. Жанкүйерлер бұл чемпионатта шетелдік мамандардың жұмыс істеуіне шектеу бар екенін атап өтті, алайда регламент белгілі бір шарттар орындалған жағдайда ерекшеліктерге мүмкіндік береді.
“2024 жылға арналған Бірінші лига регламентіне сәйкес, бас бапкер ретінде Қазақстан Республикасының азаматы, тиісті бапкерлік лицензиясы бар, немесе Қазақстан футбол федерациясының ұлттық техникалық орталығы берген лицензиясы бар басқа мемлекеттің азаматы тіркеле алады”, — деп хабарлады QFL баспасөз қызметі Tengri Sport тілшісіне.
Чех маманының қажетті лицензияға ие екені әзірге белгісіз.
“Шахтер” Қазақстан премьер-лигасы маусымын 13-орында аяқтап, тарихында алғаш рет элиталық дивизионнан шығып қалды.