locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Реалдың сенімді жеңісі: Мбаппе Вальверденің керемет пасынан кейін Ла Лигадағы алғашқы голын соқты

Реалдың сенімді жеңісі: Мбаппе Вальверденің керемет пасынан кейін Ла Лигадағы алғашқы голын соқты

1 қыркүйек , жексенбі күні Ла Лиганың үшінші туры аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Бетисті» қабылдады.

Алаң иелері сәтсіз ойындарын сериясынан кейін өз алаңында жеңіске жету үшін алғашқы минуттардан бастап алға қарай ұмытылды. Анчелотти шәкірттері бірінші тайм бойы шабуылдағанымен , есеп аша алмады. Үзілістен кейін команда бірнеше рет гол соғатын мүмкіндікке ие болды, төреші Корольдік клубтың пайдасына екі пенальти белгілемеді. Дегенмен, ойынның 67-шы минутта Федерико Вальверденің табанымен шығарып берген пасынан кейін Килиан Мбаппе Ла Лигадағы алғашқы голын соқты.

Әріқарай ойын жалғасып, «Бетис» ойыншылары Вини Жуниорға қарсы тәртіп бұзып, төреші ВАР қарағаннан кейін , «Реал» пайдасына 11 метрлік айып добы берілді. Пенальтиді Килиан Мбаппе сәтті орындап, ойынның нүктесін қойды - 2:0.

Ла Лига, 3 тур
«Реал Мадрид» — «Реал Бетис» 2:0
Стадион: Сантьяго Бернабеу
Голдар: Килиан Мбаппе 67’, 75’ (пен).

«Реал Мадрид» (негізгі құрам): Куртуа — Карвахаль, Милитао, Рюдигер, Менди — Вальверде, Чуамени — Родриго, Себальос, Винисиус Жуниор — Мбаппе

Бапкер: Анчелотти

«Реал Бетис» (негізгі құрам): Силва — Сабали, Льоренте, Натан, Перро — Карвальо, Рока — Родри, Форланс, Эззазули— Руибаль

Бапкер:Мануэль Пеллегрини