Реалдың аңыз ойыншысы Иско жарақатынан бқлек тағы бір ауруды басынан өткізгені жайлы хабарлады
Футбол
18 қаз 2024 03:44
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Реалдың аңыз ойыншысы Иско жарақатынан бқлек тағы бір ауруды басынан өткізгені жайлы хабарлады
Аңызға айналған жартылай қорғаушы Иско ауыр жарақатынан қалпына келуін жалғастыруда, соның салдарынан ол осы маусымда әлі алаңға шыққан жоқ. Алайда, футболшы денсаулығына қатысты тағы бір мәселені ашып айтты.
“Реалдың” бұрынғы ойыншысының айтуынша, 2022 жылы, “Севилья” сапында ойнап жүргенде, эпилепсия ұстамасы болған.
“Ұстама ұйқы кезінде болды, 2022 жыл болса керек. Мені шамамен 4 күнге ауруханаға жатқызды. Енді мен 4 жыл бойы әр кеш сайын дәрі қабылдауға мәжбүрмін. Қуанышқа орай, сол жағдайдан кейін ұстамалар болған жоқ”.
Айта кетейік, өткен маусымда Иско Ла Лиганың ең үздік ойыншыларының бірі болды. Ол 29 матчта 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас авторы атанды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52