locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Реалға» тағы бір соққы: Беллингем иық жарақатына байланысты қатардан үш айға шығады

Футбол 20 мам 2025 17:54
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Реалға» тағы бір соққы: Беллингем иық жарақатына байланысты қатардан үш айға шығады
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реал» 2025 жылдың жазында өтетін Клубтар арасындағы чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатқанымен, команда маңызды ойыншысы Джуд Беллингемге қатысты жағымсыз жаңалық естіді. Жартылай қорғаушының иығындағы жарақатқа байланысты жаңа маусымның басында алаңға шығу мүмкіндігі тым төмен.

The Athletic басылымының хабарлауынша, ағылшын футболшысына клубтық турнир аяқталған соң иығына хирургиялық ота жасалады. Дәрігерлердің болжамынша, қалпына келу кезеңі үш айға дейін созылуы ықтимал. Осыған байланысты Беллингем 2025/26 жылғы маусымның алғашқы айларында командаға көмектесе алмайды.

Ағымдағы маусымда 21 жастағы жартылай қорғаушы «Реал» жейдесінде 51 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас беріп үлгерді.

Клубтық әлем чемпионатында «Реал» B тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары - Сауд Арабиясының «Әл-Хиләл», Мексиканың «Пачука» және Аустрияның «Ред Булл Зальцбург» клубтары.

Айта кету керек, бұл дода мадридтік команданың тағы бір тәжірибелі ойыншысы - Лукас Васкес үшін қоштасу турнирі болмақ. Ол маусым аяқталғаннан кейін «Реалмен» қоштасып, 15 жылдық клубтағы мансабын түйіндемек.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie