«Реалға» қарсы ойнай ма? Букайо Сака операциядан кейін жаттығуға оралды
Футбол
27 нау 2025 15:58

Нұрбақыт Қадырбаев

ФОТО: Getty Images
Лондондық «Арсеналдың» жұлдызды вингері Букайо Сака операциядан кейін жаттығуға оралды.
Сака Instagram парақшасында жаттығудан түсірілген кадрмен бөлісіп, «Тағы да сәлем» деп жазды. Лондондық клуб вингердің формасы қалпына келіп, Чемпиондар лигасының ширек финалындағы мадридтік «Реалға» қарсы ойындарға дайын болады деп үміттенеді.
23 жастағы ойыншы 2024 жылдың соңында «Кристал Пэлас» (5:1) өткен ойында жарақат алып, кейіннен ота жасатуға мәжбүр болған еді.
Ұзақ уақыт жоқ болғанына қарамастан, Сака 16 ойында бес гол соғып, 10 нәтижелі пас берген «Арсеналдың» Премьер-лигадағы үздік сұрмергені болып қала берді.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек