locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Реал» Трентті қосамыз деп отқанда, «Барселона» Тейлор Свифтпен келісімге отырмақшы

Футбол 27 нау 2025 02:56
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
ФОТО: gettyimages.com

«Барселона» келесі Эль-Класикода «Реалға» қарсы ойында команда жейдесінде Тейлор Свифттің логотипін орналастыруды жоспарлап отыр.

RAC1 ақпараты бойынша келісімшарт әлі толық бекітілген жоқ, бірақ соңғы кезеңде қарастырылып жатыр. Бұған дейін Spotify-мен серіктестік аясында каталондық клубтың формасында Coldplay, The Rolling Stones және Drake логотиптері болған.

Мамыр айында өтетін «Реалға» қарсы матч чемпиондық жарыста шешуші болуы мүмкін. Қазіргі уақытта «Барселона» мен «Реал» 60 ұпаймен көш бастап тұр, бірақ Ханси Флик командасының бір ойыны артық. Эд Ширан мен Трэвис Скотт та қарастырылған, бірақ клуб басшылығы басты назарды Свифтке аударып отыр.

Тейлор Свифт 2024 жылы Spotify-да 26,6 миллиардтан астам тыңдалым жинап, қатарынан екінші жыл ең танымал әнші атанды. Бұл «Барселона» үшін маусымдағы маңызды кездесудің алдында маркетингтік тұрғыда тиімді қадам болуы мүмкін.

Каталондықтар Ла Лигадағы келесі матчында 28 наурызда «Осасунамен» кездеседі, жеңіс оларды жеке-дара көшбасшы етеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie