locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Реал қорғанысын нығайтуды мақсат етеді: Арнольд және клубтың назарындағы жаңа үміткерлер

ФОТО: Getty images
Реал қорғанысын нығайтуды мақсат етеді: Арнольд және клубтың назарындағы жаңа үміткерлер

Мадридтік “Реал” “Ливерпуль” қорғаушысы Трент Александер-Арнольдты негізгі трансферлік мақсаты ретінде таңдады.

Александер-Арнольдтың “Ливерпульмен” келісімшарты маусым соңында аяқталады, бұл мерсисайдтық клубқа өз тәрбиеленушісі мен вице-капитанынан ешбір өтемақысыз айырылу қаупін тудырады.

“Ливерпуль” мұндай сценарийден қашуға тырысып, Александер-Арнольдпен жаңа келісімшарт туралы келіссөздер жүргізуде. Алайда, қаңтар айынан бастап Трент “қызылдармен” келісімін ұзартпаған жағдайда, шетелдік клубтармен еркін келіссөздер жүргізе алады.

The Athletic басылымының мәліметінше, Александер-Арнольд “Реал” үшін оң қаптал қорғаушылары арасында ең қолайлы нұсқа болып отыр. Дегенмен, Ла Лиганың қазіргі чемпиондары Трентті келесі жазда еркін агент ретінде алуды көздеп, қаңтарда Англия құрамасының ойыншысы үшін ақша төлеуді жоспарламайды.

Сонымен қатар, Карло Анчелоттидің орталық қорғаушыны қысқы трансферде алу қажеттілігі жөніндегі пікірімен клуб басшылығы келісті. Клуб Эмерик Лапортты (“Әл-Наср”), Кастелло Лукебаны (“РБ Лейпциг”) және 18 жастағы “Палмейрас” ойыншысы Витор Рейсті өз сапына қосу нұсқаларын қарастыруда.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie