Реал негізгі қорғаушысы үшін маусым аяқталды
Футбол
09 қара 2024 13:06
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: VK
Испания чемпионатының "Осасунаға" қарсы ойынында (4:0) бразилиялық футболшы тізе жарақатын алып, алаңнан зембілмен шығарылды.
Ойыннан кейін дәрігерлер футболшының тізесіндегі айқыш байламаның толық жыртылуы және екі аяғындағы тегіршектің зақымдануы туралы диагноз қойды. Алдағы күндері ол ота жасататын болады.
Испандық БАҚ-тың мәліметі бойынша, Милитао толық қалпына келу үшін шамамен тоғыз ай қажет. Бұл маусымда ол алаңға шықпайды. Айта кетейік, осындай жарақатпен Милитао өткен маусымның көп бөлігін өткізіп алған еді.
Танымал жаңалықтар
Баскетбол
Бүгін 07:08
Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:04
Футбол
Бүгін 06:11