locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Реал — Мальорка — 3:0. Беллингемнің голы және ірі жеңіс. Голдар және матчқа бейнешолу

“Реал” — “Мальорка” — 3:0. Беллингемнің голы және ірі жеңіс. Голдар және матчқа бейнешолу
Getty Images

10 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының Джидда қаласында Испания Суперкубогының жартылай финалдық матчы өтті. Кездесуде мадридтік “Реал” мен “Мальорка” командалары бақ сынасты.

Матч “Реалдың” 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Голдардың бірін Беллингем соқса, екіншісін Родриго тіркеді, ал “Мальорка” ойыншысы Вальент өз қақпасына гол соғып алды.

Бұл жеңіс арқылы “Реал” финалға жолдама алды. 12 қаңтарда олар жүлде үшін “Барселонамен” кездеседі. Каталондықтар бір күн бұрын жартылай финалдың алғашқы ойынында “Атлетик” Бильбаоны 2:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда Испания Суперкубогының иегері мадридтік “Реал” болып табылады.

Испания Суперкубогы. Жартылай финал

Реал Мадрид — Мальорка — 3:0

Голдар: Беллингем, 63, Вальент, 90+2 (өз қақпасына), Родриго, 90+5.

Матчқа бейнешолу:

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie