«Реал Мадридтің» жоғалған таланты тағы да басты беттерде. Екі жыл үнсіздіктен кейін Мариано қайтадан гол соқты


Бір кездері «Реалдың» болашағы деп саналған Мариано Диас бүгін мүлде басқа жағдайда. Клубсыз жүрген шабуылшы соңғы жылдары көзге түспей кеткен еді. Алайда Доминикана құрамасында ол тағы да өз есімін еске салды.
Пуэрто-Рикомен өткен жолдастық кездесуде 30 жастағы футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, 20-минутта есеп ашты. Бұл - Марианоның 2022 жылдың мамырынан бергі алғашқы голы. Ол кезде Диас «Реал» сапында «Кадиспен» болған матчта соңғы мәрте мергендік танытқан болатын.
Футболшының мансабы тұрақсыз өтті. Францияда жақсы маусым өткізген соң, оны «Реал» қайтарып алды. Бірақ Мадридте өзін дәлелдей алмады: 84 матчта небәрі 12 гол. Соңғы клубы — «Севилья» — онда да нәтижелі әрекет тіркеген жоқ.
Доминикана құрамасындағы гол — жай ғана статистика емес. Бұл Мариано үшін қайта оралуға берілген бір мүмкіндік болуы мүмкін.
Миллиардтар бөлінген турнир. ФИФА 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорын жариялады

Хоккей
Бүгін 13:17


Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:32