locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Реал Мадридтің бұрынғы капитаны клубтан кету жайлы жоспарының қалай пайда болғаны жайлыайтты

Реал Мадридтің бұрынғы капитаны клубтан кету жайлы жоспарының қалай пайда болғаны жайлыайтты
Фото: Реал Мадрид ФК

«Реал Мадридтің» бұрынғы капитаны Начо клубтан кету туралы шешімді қалай қабылдағаны жайлы айтты.

Клубан кету жайлы шешім? Бұл бір күні оянып, "жетеді" деп айтатын нәрсе емес. Кем дегенде менің жағдайымда. Маған бірнеше айлар қажет болды. Мен "Реал Мадридтегі" ең керемет кезеңдердің бірін өткізу бақытына ие болдым. Бұл сырт көзге оңай көрінгенімен, футболшының өмірінде қиын сәттер де бар.

"Реал Мадрид" - күн өткен сайын сенен үздік болуды, әр ойында жеңіске жетуді талап ететін клуб...

Мен клубқа 10 жасымда келіп, 34 жасымда кеттім. Қайталап айтамын , мен бақыттымын, өйткені менде "Реал Мадридтің" ең керемет кезеңдерін сезіну мүмкіндігі болды. Бірақ күн өткен сайын клубта болу үшін жаңа келісімшарт алу үшін өзіңізді дәлелдеу, күресу қажет.

Сайып келгенде, бұл талаптар сізді де ойша шаршатады. Менің мотивациям әрқашан үлкен болғанымен, менде адаммын және бұл шешім күн сайын, апта сайын, сіз «болды, бітті» дейтін сәт келгенге дейін жалғаса береді. Менде осындай сәт келді, мен кету жайлы шешім қабылдадым.-дейді Начо. Ойыншының сөздерін Релево басылымы жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Начо Корольдік клубтың түлегі. Ол клубта 23 жыл ойнап, 6 рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Осы жазда ол клуб сапынан кетіп, «Әл-Кадисияның» ойыншысы атанды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie