Реал Мадрид – РБ Зальцбург.Онлайн көру. LIVE көрсетілім


22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні Мадридтегі “Сантьяго Бернабеу” стадионында Чемпиондар Лигасының 7-тур матчы өтеді, онда “Реал Мадрид” пен “Зальцбург” кездеседі.
Турнирдің қазіргі чемпионы қиын жағдайға тап болды. Бұл матч алдында мадридтіктердің көктемде Чемпиондар Лигасында жарысты жалғастыратын 24 команда қатарына енуі күмән тудырды. Қазіргі таңда “Реал” турнир кестесінде 22-орында тұр.
- Спорт әлеміндегі жарқын оқиғаларды біздің Sports24.kz Telegram-арнамыздан көріңіз!
“Зальцбург” үшін бұл маусым өте сәтсіз өтуде, әсіресе команданың үлкен амбицияларын ескергенде. Аустриялық клуб негізгі кезеңге іріктеу матчтарында жеңіске жетіп шыққанымен, одан әрі сәттілік болмады: алты ойынның бесеуінде жеңіліс тауып, турнир кестесінде 32-орында тұр. Жалғыз жарқын сәт ретінде сырт алаңда сенсациялық жеңісті атап өтуге болады, ол матчта команда 3:1 есебімен жеңіске жеткен.
Матч Астана уақыты бойынша 00:50-де басталады. Тікелей эфирді “Qazaqstan” телеарнасынан көруге болады.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30