Реал Мадрид Винисиусқа нәсілшілдік сөздер айтқан жасөспірімді жазалады
"Мадридтік Реал" бразилиялық футболшы Винисиус Джуниорға нәсілшілдік мәнерінде айқайлағаны үшін кәмелетке толмаған жанкүйерге айыппұл салды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Клуб баланың Винисиусқа болған оқиға үшін кешірім сұрап хат жібергенін мәлімдеді. Нәтижесінде оған бір жыл ішінде стадиондарға баруға тыйым салу және сотқа дейінгі тәртіпте айыппұл тағайындау туралы шешім қабылданды. Айыппұл сомасы аталмады.
Бұл 2024 жылдың 18 ақпанында "Райо Вальекано" мен “Реал” арасындағы ел чемпионатының матчында болды.
Ұлттық біріншіліктің турнирлік кестесінде мадридтік “Реал” 30 ұпаймен екінші орында тұр. "Корольдік клуб" көшбасшы-каталондық "Барселонадан" төрт ұпайға артта қалды.
Испания чемпионатының келесі турында "Реал" үйде “Хетафеге” қарсы ойнайды. Ойын 1 желтоқсанда өтеді және Астана уақытымен 20:15-те басталады.