Реал Мадрид Валенсиядағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде миллион еуро бөлді
Испанияның оңтүстік-шығысындағы Валенсия провинциясында күшті жаңбыр мен “Дана” дауылы ауқымды су тасқынын тудырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес,табиғи апат салдарынан 95-ке жуық адам қаза тапты. Валенсияның кейбір аудандары су басқан жолдардан кесіліп қалды, электр энергиясы мен байланыс қызметінде үзілістер байқалуда, көпірлер қирады.
Бейсенбі күні Испания Корольдік футбол федерациясы Ла Лига және Сегунда аясындағы бес матчтың, соның ішінде 2 қарашада “Месталья” стадионында өтуі тиіс болған “Валенсия” мен “Реал” арасындағы кездесудің кейінге шегерілгенін жариялады.
Бұған дейін “Реал” қоры Қызыл Крестпен бірлесе отырып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинауды бастағанын хабарлады. Мадрид клубы бұл бастаманы қолдап, бір миллион еуро көлемінде қайырымдылық жасады.