Реал Мадрид пен Бразилияның 18 жасар ойыншысы Эндрик шаңырақ көтерді
Мадридтік «Реалдың» 18 жасар шабуылшысы Эндрик үйленді. Бразилиялық ойыншының таңдауы 21 жасар Габриели Мирандаға түсті. Эндриктің әйелі модель болып жұмыс істейді.
Үйлену тойына дейін “Реал Мадрид” шабуылшысы мен оның модель құрбысы арасында «махаббат келісімшартына» қол қойылғаны белгілі болды. Міне, келісімшарттың бірнеше тармағы:
1. Жұптар кез келген тәуелділіктен және мінез-құлқының кенеттен өзгеруінен аулақ болуға міндетті;
2.Мүмкіндігінше бір-біріне «мен сені сүйемін» деп айту керек;
3. Қарым-қатынаста «мм», «иә», «жарайды», «сұлу» және «хахаха» сияқты сөздерді қолдануға тыйым салынады; 4.Эндрикке GTA-да виртуалды қызбен танысуға және әлеуметтік желілердегі басқа қыздардың жазбаларына пікір жазуға тыйым салынады.
Еске салайық, Эндрик биыл жазда 18 жасқа толды, ал «Реал» оның ерте үйленуіне шығуына қарсы болды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52