locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Реал Мадрид ойыншылары УЕФА-ға наразылығын білдірді

Реал Мадрид ойыншылары УЕФА-ға наразылығын білдірді

Реал Мадридтің қорғаушысы Дани Карвахаль алдағы маусымда ойын санының көп екендігіне шағымданды. Қорғаушы Аталантаға қарсы ойын алдында баспасөз мәслихатында УЕФА-ға ойынды азайту керектігі жайлы ұсыныс тастады.

Алдағы маусымда бізді өте қиын күнтізбе күтіп тұр. Ойындар саны өте көп және барлық ойыншы маусым соңына дейін жақсы формасын ұстап қалуы мүмкін емес. Тек біз ғана емес біздің отбасыларымыз да бұл күнтізбеден қиналады, ойыншылар ойынның көптігінен байланысты үйлерінде көп болмайды. УЕФА бұл мәселені дұрыстап қарастыруы қажет.

Дани Карвахальдің сөзін командаласы Федерико Вальверде де мақұлдады.

Карвахальдің ойын көп деген сөзі? Мен оған келісемін. Біздің Америкада да ойынымыз бар, жолға бару 12 сағат, қайту 12 сағат уақытымызды алады. Біз бұл маусым алдында аз жаттықтық, сондықтан бізге қиын болар анық.

Реал Мадрид 2024/2025 маусымында өткізетін матчтардың ең аз саны-53, ал іріктеу және барлық турнирде финалға шығу жағдайында ең көп ойын – 72 ойынды құрайды.