locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Реал Мадрид маусымдағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Реал Мадрид маусымдағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Варшаваның Ұлттық стадионында бүгін УЕФА Супер Кубогының финалы өтті. Анчелотти шәкірттері өткен маусымдағы Еуропа Лигасының жеңімпазы Аталантамен кубокті сарыпқа салды. Алғашқы таймда есеп ашылмады, дегенмен екінші таймның 59-минутында таблодағы есеп 1-0 болып өзгерді. Винисиус Жуниордың пасынан кейін Феде Вальверде ашық қақпаға допты тоғытты. Гол соққаннан кейін қанаттанған Реал Мадрид ойыншылары араға 9 минут салып екінші голды соғып, сенімді жеңіске қол жеткізді. Гол авторы аты шулы Килиан Мбаппе атанды. Мбаппе алғашқы ойында алғашқы голын соқққанын да еске саламыз.