«Реал» Анчелоттидің орнына Антонио Контені қарастыруда


Мадридтік «Реал» Карло Анчелоттидің мүмкін орнын басатын бапкер іздеп жатыр және италиялық маман Антонио Контеге қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Todofichajes.
Егер Хаби Алонсо мен Юрген Клопппен жүргізіліп жатқан келіссөздер сәтсіз аяқталса, Конте «корольдік клуб» үшін тиімді әрі болашағы зор үміткер болуы мүмкін. Қазір Конте «Наполи» командасындағы алғашқы маусымын аяқтауда, бірақ оның болашағына қатысты түрлі қауесеттер таралуда.
«Реал» оны команданы тез бейімдеп, жеңістерге жеткізе алатын маман ретінде көруде. Конте өз мансабында «Ювентуспен» үш мәрте Серия А чемпионы, «Челсимен» Англия чемпионы, «Интермен» Италия чемпионы атанды.
Қазіргі уақытта «Реал» Ла Лигада 32 турдан кейін 72 ұпаймен екінші орында. Лига чемпиондарында команда ширек финалда «Арсеналдан» 1:5 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. Ал 26 сәуір күні «Барселонамен» өтетін Испания кубогының финалы бапкерлік құрам бойынша шешуші сәтке айналуы мүмкін.

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15