Рауль Армения құрамасын тізгіндеуі мүмкін
“Реал Мадрид” клубының бұрынғы футболшысы Рауль Армения құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі. Бұл туралы Армения футбол федерациясының вице-президенті Армен Никогосян хабарлады.
-“Келіссөздер өте қиын өтуде, өйткені федерацияның қаржылық ресурстары мол емес. Біз Мишель Тер-Закарянмен кездестік, бірақ оның тәбеті зор болып шықты. Жаңа бапкер келесі екі матчта немесе келесі жылдан бастап жұмысқа кіріседі. Үміткерлер көп, соның ішінде Рауль де бар”, - деді Армения футбол федерациясының вице-президенті Армен Никогосян.
Рауль 2019 жылдан бері “Реал Кастилья” клубын жаттықтырып келеді. Армения құрамасының бас бапкері қызметі қазанда Александр Петраков отставкаға кеткеннен кейін бос тұр.
Футбол
Бүгін 10:59
Хоккей
Бүгін 09:00
Теннис
Бүгін 06:40