Раньеры ресми Романың бас бапкері атанды
Итальяндық маман Клаудио Раньери “Рома” клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады римдік команданың баспасөз қызметі.
73 жастағы бапкермен келісімшарт маусымның соңына дейін. Осыдан кейін ол “Рома” клубында басқарушылық қызметке кіріседі. Алдағы айларда италияндық команда жаңа бапкерді іздеуді жалғастырады.
- “Клуб бапкерге жаңа қызметінде сәттілік тілейді. Оның командаға қосымша пайда әкелетініне сенімдіміз. Үйге қош келдіңіз!” – делінген римдік клубтың мәлімдемесінде.
Бұған дейін Раньери екі рет “Рома” клубының бас бапкер қызметін жұмыс атқарған еді: 2009-2011 жылдар аралығында және 2019 жылы. Сонымен қатар ол “Челси”, “Ювентус”, “Монако”, “Интер” және басқа да командаларда жұмыс істеген.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52