locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Рамазан Оразов Дания біріншілігінде қатарынан үшінші рет алаңға шықпады

Футбол 31 нау 2025 01:36
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Рамазан Оразов Дания біріншілігінде қатарынан үшінші рет алаңға шықпады
ФОТО: Силькеборг ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов тағы да алаңға шыққан жоқ. Дания чемпионатының 23-турында оның клубы «Силькеборг» сырт алаңда «Сеннерьюскпен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл Оразов үшін ол тек қосалқы құрамда қалып, ойынға қатыспаған үшінші ойыны. 27 жастағы футболшы Суперлигада соңғы рет ақпан айының соңында алаңға шыққан болатын.

Ойында алаң иелері сапынан Тобиас Соммер мен Мадс Аггер гол соқты. Қонақтар құрамынан жалғыз гол Юнес Бакиздің еншісінде. Алайда бұл доп «Силькеборгты» жеңілістен құтқара алмады.

Осы турдан кейін «Силькеборг» 33 ұпаймен төменгі топта көш бастап тұр. Жалпы турнирлік кестеде команда жетінші орында.

Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Нұрадәлі Әліп өнер көрсететін команда өз матчында ірі жеңіске жетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie